$465.08 €536.52 ₽5.56
×

«Әділет» партиясы Алматы облысының тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Әділет» партиясы Алматы облысының тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Жұмыс орындарын көбейту, облыс орталығын дамыту, бизнеске қолайлы жағдай жасау және бала қауіпсіздігі. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Алматы облысының тұрғындарымен кездесуде осы тақырыптарды талқылады. Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – халықты жұмыспен қамту. Партия 2031 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі мен логистиканы дамытып, ел бойынша кемінде 1 миллион жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. Бизнеске кедергі келтіретін артық әкімшілік рәсімдерді азайтып, салық жүйесін баршаға түсінікті ету де маңызды. Кездесуде қауіпсіз әрі инклюзивті орта қалыптастыру, балаларға білім, медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері де сөз болды.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшымыз еліміздің жалпы ішкі өнімін екі есеге арттыру жөнінде нақты тапсырма берді. Қазір мемлекет осы бағытта  өзінің жұмысын белсенді жүргізіп келеді. Өздеріңіз білесіздер, бізге елімізге келіп жатқан қаншама  сапалы инвесторлар бар. Әлемдік алпауыт компаниялар бар. Олардың барлығы біздің елімізде инвестициялық климаттың жақсы екенін мойындап отырғаны, мына Алатау қаласының құрылғаны да соған арнайы, ерекше бір жағдай туғызудың бір дәлелі деп тсүінеміз. Бұл тек қана осы өңірде емес, сонымен қатар бүкіл елімізді алға тартады деген үлкен сенім бар. Сол үшін жасалып жатыр.