$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Ұлытау облысында 50 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді

Ұлытау облысында 50 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді
Фото: depositphotos

Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 26 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Кеше, 19 тамызда Ұлытау облысының Ұлытау ауданында дала өрті шықты. Қаракеңгір ауылдық округінің аумағында, Бозтұмсық ауылынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерде құрғақ шөп өртенген.

Өрт 50 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен өрт алдымен оқшауланып, кейін толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 26 адам және 9 техника жұмылдырылды.