$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Алматыда мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін

Алматыда мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін
Фото: Артем Чурсинов

Алматыда медициналық қарсы көрсетіліміне қарамастан көлік жүргізген 1194 адам анықталды. Қазір олардың жүргізуші куәліктерін тоқтату жұмыстары жүріп жатыр.

Алматыда прокуратураның бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылдануда.

Қадағалау жұмысы барысында Түрксіб ауданының прокуратурасы 1194 жүргізушіні анықтады, олар абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдерге қарамастан көлік құралдарын басқарған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Алматы қаласының Полиция департаменті аталған тұлғалардың жүргізуші куәліктерін қолдануын тоқтату жөнінде жұмыс жүргізуде, - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Бүгінгі күні Алматы қаласының соттары 381 талап-арызды қанағаттандырды, қалған материалдар бойынша жұмыс жалғасуда.

Денсаулық жағдайы жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдарды жол қозғалысынан шеттету мақсатында жұмыс жүргізілуде.