Маунтинбайктан Қазақстан ұлттық құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды.
Отандастарымыз екі дисциплина бойынша жүлдегерлер қатарына енді.
Ерлер арасындағы жарыста Денис Сергиенко екі күміс медальға ие болды. Ол XCC және XCO сайыстарында екінші орын алды.
Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC бәсекесінде үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.