$458.48 €534.68 ₽5.43
×

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Фото: baq

Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен еліміздің әр өңірінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады

Астанада 29-30 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен еліміздің әр өңірінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Тұрғындар мен қала қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт, ұн және нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар мен тосаптарды тиімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкелер екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін екі мекенжайда өтеді: «Keryen Joly» СОО (Алаш тасжолы, 35Б) және «ERA» базары (Қорғалжын тасжолы, 96).

Жәрмеңке орындарына бірнеше қалалық және қала маңындағы автобус бағыттары қатынайды.