Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сауалнама ресейліктердің 70%- ға жуығы В.Путинге дауыс беретінін көрсетті

AstanaTV
13.03.2018ж. 20:00
1706
Сауалнама ресейліктердің 70%- ға жуығы В.Путинге дауыс беретінін көрсетті

Ресейліктердің 70% -ға жуығы өз дауысын қазіргі президент Владимир Путинге бермек. Мұндай ақпаратты халық арасында сауалнама жүргізген жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы таратты. Сауалнамаға 4 мыңдай адам тартылған. Рейтингке сенсек, Павел Грудинин мен Владимир Жириновский  10 - 12%  дауысқа ие болып, 2-3-ші орынға жайғасады. Ал, Ксения Собчак жинайтын дауыс 2-3%-дан аспайды деген жорамал бар. Сондай-ақ социологтар сайлауға ел тұрғындарының 63-67 пайызы қатысады деген. Естеріңізге салсақ, Ресейдегі президент сайлауы осы жексенбі яғни, 18-ші наурызда өтеді.