$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Француз тарихшысы Мари Фавероның "Алтын Орда" кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Француз тарихшысы Мари Фавероның "Алтын Орда" кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Француз тарихшысы Мари Фавероның атақты "Алтын орда" кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Еңбек -Ұлы Даланың өркениеттік салмағын халықаралық деңгейде қайта таразылайтын зерттеу. Автор Жошы Ұлысын тек әскери жорықтармен шектелген мемлекет ретінде емес, Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени картасын қайта сызған, сауда жолдары мен дипломатияны гүлдеткен қуатты империя ретінде зерделейді. Тарихи сабақтастық пен ұлттық танымның терең тамырын айшықтайтын туындыны қазақ оқырманына ұсыну мақсатында автор еліміздің біршама қаласын аралап, оқырмандармен кездесу өткізуде.

МАРИ ФАВЕРО, ФРАНЦУЗ ТАРИХШЫСЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ЖОШЫ ҰЛЫСЫ МЕН АЛТЫН ОРДАНЫ ЗЕРТТЕУШІ:

Бұл еңбек үшін өмірімнің 20 жылын арнадым. Студенттік жылдары көкейде бүр жарған Алтын Ордаға деген қызығушылық кейін үлкен ғылыми мұратқа айналды. Мен Көшпелілер империясының феноменін тар шеңберде қалдырмай, кеңінен көрсетуге ұмтылдым. Дала өркениетінің сан қырын таныту жолында жер шарын шарлап, міне Қазақстанға да табан тіредім. Бұл кітап тек өткеннің жаңғырығы емес, Франция мен Қазақ елі арасындағы рухани және ғылыми алтын көпірді бекемдей түсетін маңызды қадам.