$444.58 €510.29 ₽5.27
×

Абақтыға телефондарды көлік дөңгелегіне жасырып кіргізбек болған

18.09.2026ж. 19:00
Абақтыға телефондарды көлік дөңгелегіне жасырып кіргізбек болған

Қарағанды облысында түзету мекемесінің аумағына екі ұялы телефонды кіргізбек болған. Телефондарды көліктің дөңгелегіне жасырыпты. Алайда жоспар іске аспады. Мекеме қызметкерлері көлікті тексеру кезінде тыйым салынған заттарды анықтады.

Заңсыз әрекет №29 мекеме жанындағы техникалық қызмет көрсету станциясында көлікті тексеру кезінде әшкереленді. Қызметкерлер кенет машинаны тоқтатқан. Олар көлікті мұқият қарап, күдіктенгендіктен дөңгелектеріне дейін тексерген. Сол сәтте артқы дөңгелектің ішінен екі ұялы телефонды тапты. Байланыс құралдарының әдейі жасырылғаны анықталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, режимдік нысандарда бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Тексеру кезінде сотталғандарға берілетін түрлі заттар мен азық-түліктердің арасынан есірткі және басқа да тыйым салынған заттар анықталып жатады.

АРМИЯ НАЗАРБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ КҮЗЕТ РЕЖИМІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы дөңгелегінде жасырылған екі ұялы телефонды анықтап, тәркіледі. Аталған факті бойынша одан әрі процесстік іс шараларды жүргізу үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып қазіргі уақытта тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілуде.