$444.58 €510.29 ₽5.27
×

Таразда Әулие-ата әуежайы ірі көлемде айыппұл арқалады

AstanaTV
18.09.2026ж. 19:00
Таразда Әулие-ата әуежайы ірі көлемде айыппұл арқалады

Таразда Әулие-ата әуежайы ірі көлемде айыппұл арқалады. Олар әуе отынын белгіленген мөлшерден тым жоғары сатып отырған. Аталған заңбұзушылықты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіның Жамбыл облысы бойынша департаменті анықтады. Мамандар авиакеросин бағасы мен оның диномикасын зерделеп, кейін тергеу жүргізген. Әуежай әкімшілігі бағаны өсіру арқылы 25 млн теңгеден астам пайда тапқан. Кәсіпорын керосинді сатып монополияға қарсы заңнаманы бұзу арқылы алынған табыс толық тәркіленді. Бастапқыда әуежай тергеу қорытындысымен келіспей,  бірінші және екінші сатыдағы соттарда қарсылық білдірген. Алайда сот алқасы аталған қорытындыларды заңды әре негізді деп танып күшінде қалдырған. Айта кетейік, Төтенше жағдайлар қызметі Шымкенттегі әуежайдың да қауіпсіздік нормаларын бұзғанын анықтап, айыппұл салған. Онда жанармай қоймалары мен инженерлік инфрақұрылымында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны белгілі болды.

ЖАНДОС ӘЗІМОВ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот отырысында әуежай өз кінәсін толығымен мойындады. Кәсіпорын ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 159 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.