Қарағанды облысында егін жұмыстарына бөлінген 300 млн теңге жымқырылған. Кәсіпкер тұқым сеуіп, техника аламын деп мемлекеттен қаржы алып, оны мақсатсыз жұмсаған. Қазір оның үстінен несиеге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2025 жылы мамырда Аграрлық несие корпорациясының филиалы “Рашан” серіктестігіне айналым қаражатын толықтыру үшін 300 миллион теңге қарыз берген. Ақшаның қайтарылатынына “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” кепіл болған. Ол сома тұқымға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, жанар-жағармай мен жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалуы тиіс еді. Алайда оның бірде біреуі орындалмаған. Млн- дардың қайда кеткенін қаржы мониторинг агенттігінің облыстық департаменті анықтап жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл қаражат егіс науқанына жұмсалатын шығындарды төлеу деген желеумен екі серіктестікке бөлініп аударылған. Атап айтқанда 148 млн- ға жуық қаржы тұқым сатып алуға, тағы 152 млн теңге ауылшаруашылығы техникасын жалға алуға, оның ішінде жанар- жағармай мен еңбекақы шығындарына аударылған. Алайда іс жүзінде техника сатылып алынбаған, жалға алынбағаны , көрсетілген жер телімдеріне тұқым егілмегені анықталды. “ Рашан” серіктестігі директоры күдікті деп танылды. Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.