$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Әлеуметтік көмек тек мұқтаждарға беріледі: Үкімет жаңа жүйені қарап жатыр

Әлеуметтік көмек тек мұқтаждарға беріледі: Үкімет жаңа жүйені қарап жатыр

Әлеуметтік көмек тек мұқтаждарға беріледі. Бүгін Үкімет жаңа жүйеге көшу жайын талқылады.  Алғашқы кезеңде 36 төлем түрінің 14-ін беру шарттары қайта қаралады. Кейін әкімдіктер ұсынатын 13 қолдау түрін азаматтардың мұқтаждық деңгейіне қарай төрт түрге біріктіру жоспарланған. Өзгерістер «Цифрлық отбасы картасында» әл-ауқаты жоғары санатқа жатқызылған азаматтарға қатысты болады. Жаңа талаптар туралы тұрғындарға 1 қазаннан бастап SMS, eGov Mobile және банк қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен хабарланады. Тиісті заңнамалық түзетулер Құрылтайдың қарауына енгізіледі.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Еңбек министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп мұқтаждық қағидаты негізінде әлеуметтік көмекті атаулы түрде көрсету жұмыстарын үйлестіру қажет. Денсаулық сақтау, еңбек, ақпарат және мәдениет министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген ақысыз медициналық көмектің көлемі бойынша ауқымды ақпараттық жұмысты ұйымдастырсын. Денсаулық сақтау және өнеркәсіп министрліктеріне есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы құрылғының отандық өндірісін ұйымдастыру бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырамын.