$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Ақтөбеде 25 отбасы үреймен өмір сүріп жатыр

AstanaTV
21.09.2026ж. 19:00
Ақтөбеде 25 отбасы үреймен өмір сүріп жатыр

Ақтөбе маңындағы Қарғалы ауданында тұрғындар жарты ғасыр бұрын уақытша салынған жатақхананың мәселесін айтып, көмек сұрап отыр. 3 қабатты ғимаратта бүгінде 25 отбасы тұрып жатыр. Дені- көпбалалы ана, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Жауын жауса төбеден су кетеді, қысы-жазы  пәтердің іші сыз тартады. Баспана бір күні құлап қала ма деген тұрғындар әрбір күнін үреймен өткізуде.  

Бірер күн бұрын жаңбыр жауып, тұрғындар тағы да әбігерге түсті. Үш қабатты ғимараттың бірнеше жерінен су өткен. Кей пәтерлердің керме төбесі опырылып түскен. Үйдің қазіргі жағдайы адам тұрғысыз. Қабырғалары сөгіліп, сылағы үгітіліп жатыр.

ГҮЛНАР БЕРДІҒАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Үстіміз сырость болады, үйімізден ылғал кетпейді, қыстай канализациямен нетеміз-арпалысамыз, канализация бітеліп қалады, сасып жатамыз, одан крышамыз суға кетеді, отоплениеміз жарылады, органдарға звондаймыз жаңағы Ақбұлақтарға, Біз деген тек үйге дейін жауап береміз, ал үйдің ішінде болып жатқан жағдайға өздерің жауап бересіңдер, дейді.

РАЙХАН ЕРЖАНОВА, ТҰРҒЫН:

Қызым сыростьттан кетіп қалды. Мен көмек сұраймын, жаңадан үй берулерін сұраймын. Анда үйді мен бәрнеше рет оңдадым. 2002 де көшіп келдім, содан бері оңдау-оңдау, төбемнен кетеді постоянно.

Тұрғындар қолдан келгенше жөндеп, жамап-жасқап келеді. Бірақ бұл- уақытша амал. Аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, күні-түні көз ілмейміз дейді. 

ГҮЛНАР СМАҒҰЛОВА, ТҰРҒЫН:

Жаңа өсіп тәй-тәй басып келе жатқан балдарым апаттық жағдайда тұрып жатқан үйдің астында қалып қоя ма деп қорқам. Квартира көпбалалы ананы алмайды. Себебі қымбат. Үгітіліп жатыр жарымыз деген. Балдарымыз өліп қалама деп қорқамыз.

Ал жауапты жауаптылар үй апатты ғимараттар тізімінде жоқ деп отыр.

ӘСИЯ ОМАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Сәтпаев көшесі 62ші үйдің тұрғындары қазіргі уақытта бірінші кезеңде жиналыс ұйымдастыру керек. Жиналыс негізінде тұрғындардың тарапынан техникалық тексеріс өткізуге келісім берілу керек, яғни 50 пайыздан жоғары. Келісім бергеннен кейін біз өзіміздің тарапымыздан бюджетке заявка беру арқылы құжаттар тапрымазы, ақша бөлінгеннен кейін техникалық тексеріс өткізіп береміз.

Мұның өзі бірнеше жылға созылатыны анық. Ал тұрғындар болса бір күні үйдің астында қалып қоямыз ба деген үреймен өмір сүріп жатыр.