$441.88 €503.61 ₽5.24
×

Еліміздегі барлық мекемелерде Мемлекеттік Ту төмен түсірілді

Еліміздегі барлық мекемелерде Мемлекеттік Ту төмен түсірілді

Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты елімізде бүгін жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Қаралы күнге орай еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік рәміздер төмен түсірілді. Ел бойынша бірқатар бұқаралық және мәдени іс-шаралар кейінге шегерілді. Азаматтар қаза болған әскери қызметшілердің рухына тағзым етіп, олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.