$448.98 €502.45 ₽5.45

Қызылжарда жаңа жедел жәрдем станциясы салынып жатыр

Қызылжарда жаңа жедел жәрдем станциясы салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында заманауи жедел жәрдем станциясы салынып жатыр. Құны 6 млрд теңге болатын нысанның құрылысы былтыр қыркүйекте басталған.Қаржының басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінді. Бұрынғы ғимараты әбден тозығы жетіп тұр. Өткен ғасырдың ортасында салынған. Оның үстіне тым тар. Тіпті жабық тұрақтың өзі 25 көліктің тек жартысын ғана сыйдыруға қауқарлы. Сала мамандарының айтуынша, су жаңа нысан заманауи талаптарға сай болмақ. 

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел жәрдемге арналған жаңа нысанның аумағы - бір жарым гектар. Ішінде жиырма көлікке арналған көлікжай, төртқабатты әкімшілік ғимарат болады. Мекеме толық медициналық талаптарға сай болмақ. Мәселен, 360 орынға арналған конференц-зал және фелдьшер мен медбикелердің біліктілігін арттыратын арнайы симуляциялық бөлмелер ашылмақ. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.