$447.14 €500.35 ₽5.24

Камераға әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды

Камераға әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды
Полиция

Алматы облысында бейнебақылау камерасына әдепсіз қимыл көрсеткен Mercedes-Benz жүргізушісі полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Astana TV.

Тәртіп сақшылары мониторинг жүргізу кезінде Алматы – Шелек – Қорғас тасжолының 140-шақырымында келе жатқан көліктің жүргізушісін байқаған.

Бейнежазбада жүргізушінің камераға жақындаған кезде әдепсіз қимыл көрсеткені көрінеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция көліктің жүрген жерін анықтап, жүргізушіні тоқтатқан. Оның жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар тексеру кезінде жүргізушінің бейнебақылау камерасына жақындаған сәтте көліктің мемлекеттік нөмірін қасақана жасырып қойғаны анықталған.

Осы фактілер бойынша оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау және жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.