$447.14 €500.35 ₽5.24

АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты

АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты
Фото: pexels

АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Astana TV.

Америкалық және канадалық әуе компанияларына тиесілі екі ұшақ Лос-Анджелес халықаралық әуежайында қозғалыс кезінде соқтығысты.

Los Angeles Times басылымының мәліметінше, 2026 жылғы 6 қазандаDelta Air Lines әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағына қарай бет алып, рулеж жолымен қозғалып келе жатқан. Сол кезде оның сол жақ қанаты Air Canada әуе компаниясының ұшағының көлденең тұрақтандырғышына тиіп кеткен. Канадалық Boeing 777әуе кемесі бұл уақытта сүйреткіш көліктің көмегімен қону қақпасына қарай жеткізіліп жатқан.

Оқиғаның куәгері болған жолаушылардың бірі:

Біз қақпаға қарай қозғалып келе жатқанда, мен терезеден қарап отырдым. Сол кезде Delta-ның A350 ұшағы тоқтап тұрған Air Canada ұшағына соғылып кетті. Тоқтап тұрған ұшаққа. Мұны қайта-қайта айта бергім келеді», – деп айтып берген.

Оқиға салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің арасында зардап шеккендер бары туралы ақпарат жоқ.

АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

Бұған дейін Израиль Flydubai ұшағында болған оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жүргізген. 2026 жылғы 30 қыркүйектеұшақ басып алынғаны туралы дабыл беріп, кейін радардан жоғалып кеткен.