$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарлық эпидемиологтар ауыл мектебінің асханасындағы тағамдардан ішек таяқшасын тапты

AstanaTV
03.04.2018ж. 20:00
3023
Павлодарлық эпидемиологтар ауыл мектебінің асханасындағы тағамдардан ішек таяқшасын тапты

Павлодарлық эпидемиологтар ауыл мектебінің асханасындағы тағамдардан ішек таяқшасын тапты. Ақсу қаласының Береке ауылдық мектебі оқушыларының ата- аналары тамақта бөгде зат барын айтып, ақпанда арнамызға шағымданған болатын. Олар сол кезде балалардың асханадан уланғанын айтып еді. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті мамандарының хабарлауынша, бұл асханада кей тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат болмаған. Сорақысы балаларға ас дайындайтын қызметкерлердің денсаулығы тексерілмеген, -дейді департамент өкілі. Одан бөлек, тамақ турайтын тақтайшалар таңбаланбаған, бекітілген тағамдар тізімі ас мәзіріне сәйкес келмейді. Асхананы жеке кәсіпкер Чумаченко жалға алған. Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, кемшіліктерді жою міндеттелді. 

Сандуғаш Көбенова, Павлодар облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті директорының орынбасары:

Дайын астан алынған сынама зертханада тексерілді. Бірінші тағам мен салаттан ішек таяқшасының тобына жататын бактерия анықталды. Бұл сынаманы 3 рет тексерсек те, қорытындысы бірдей болып шықты. Бактерия бар екені расталды.