Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәліметінше, Есіл ауданындағы тұрғын үй кешенінің автотұрағында электр сымдары мен көлік дөңгелектері отқа оранған. Қазір тілсіз жау сөндіріліп, 32 адам, оның ішінде 13 бала сыртқа шығарылды. Жоғары температураның салдарынан 4 көлікке зақым келген.
САБДЕН ЕБДЕЛЬМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ӨСКҚ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:
Өрт орнына бірінші бөлімшелердің келіп жеткенінде тұрғын үйдің автотұрағында 40 вагонды метрден автокөліктің дөңгелектері жануы анықталды. Өрт 04 сағат 58 минутта оқшауланып, 05 сағат 01 минутта толықтай жойылды.