Жалпыұлттық
социал-демократиялық партияның өкілдері Алматыда баспасөз мәслихатын
өткізді. Бұл жолы партия белсенділері
саяси тұғырнамадағы негізгі тұжырымдар мен сайлауалды бағдарламасын қалам
ұстаған тілшілер қауымына таныстырды.
Негізгі бағыт ретінде жергілікті
өзін-өзі басқару, білім беру, шағын және орта бизнесті дамыту сынды
тақырыптарға тоқталды. Сондай-ақ сайлауалды дода кезіндегі жоспарларымен
бөлісті. Үгіт-насихат кампаниясы кезінде еңбек ұжымдарымен және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарын
айтты. Елдің әр аймағында үгіт-насихат жұмыстарын іске асыратын топтар
құрылған. Партия мүшелері өздеріне берілген мүмкіндікті барынша тиімді
пайдаланып, сайлауалды бағдарламаларын жұртшылыққа түсіндірмек.
Максим
Андрюшин, ЖСДП төралқа мүшесі:
Негізгі
іс шара партияның кешегі Алматы қалалық филиалында өткен кездесуінен
басталғанын айтқым келеді. Біздің кездесулеріміз әзірге Алматыда өтуде, соның бірі - бүгінгі
баспасөз мәлихаты. Бұдан кейін сайлауалды науқан жұмыстары өзге де өңірлерде
өткізіледі. Ертең біздің үгіт-насихат шаралары Қарағанды мен Қостанай қалаларында өтпек. Мұнан соң шығыс пен солтүстік
өңірлерде жалғасады. Облыс орталықтарынан кейін елді мекендерге ойысамыз.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА