$448.98 €502.45 ₽5.45

Республикалық жолдарды жөндеу 2028 жылдың соңына дейін аяқталады

AstanaTV
10.11.2026ж. 19:00
Республикалық жолдарды жөндеу 2028 жылдың соңына дейін аяқталады

Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілмек. Бұл жоспарлар 2028 жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Ондай-ақ жүргізушілерге біраз кедергі келтіретін уақытша айналма жолдар мәселесі де назарға алынды. Мамандар бұл бағытты мүлдем жойып, жаңа жол бойымен жүруді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бізде ауыспалы жобалар бар. Биыл басталған жобалар, олар екі үш жылға созылады. Біздің жоспарымыз бойынша. Қызылорда-Ақтөбе биыл басталды, президент тапсырмасы бойынша. Бейнеу-Сексеуіл,  Қарағанды-Жезқазған. Ал биылға жоспар бойынша біз Рахман қайнарын аштық, Шығыс Қазақстан бойынша. Пихтовка көпірін аштық . Енді жылдың соңына дейін Ұлытау обылсы бойынша қозғалысты ашуымыз керек. Соған күш жүргізіп жатырмыз.