2026 жылы 82 коммуналдық және 36 республикалық нысанда көпфакторлы зерттеп-қарау жұмысы жүргізілуде. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе, ал 2025 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық.
Жалпы, 2030 жылға дейін 557 нысанға көпфакторлы зерттеп-қарау жұмысын жүргізу көзделген, деп хабарлайды Astana TV.
Каналдарды механикалық тәсілмен тазарту қарқыны артып келеді.
«2025 жылы 1 840 шақырым канал тазартылды. Ал 2026 жылдың басынан бері 2342 шақырым канал тазартылған. Қалған жұмыс көлемін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 2027 жылы 3800 км каналда механикалық тазарту жұмысын жүргізу көзделген», – деді ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.