$444.76 €495.37 ₽5.37

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері кездесті

12.11.2026ж. 19:00
Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері кездесті

Қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғаммен байланысты күшейту. Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері бас қосты. Жиында жаңа қоғамдық институттың міндеттері, конституциялық реформалар мен жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. 

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басымдықтар назардан тыс қалмады. Цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру мәселесі сөз болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастар бастамаларын қолдау және медиация институтын дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.

СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК,  ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еліміздегі бірліктің, ынтымақтың болуына, әрине, бірінші кезекте біздің этно мәдени орталықтардың қосып отқан үлесі зор. Біз оны үнемі айтамыз. Сіздермен бұл бағытта жұмыс жасаймыз. 

Кездесуде этномәдени бірлестіктердің мәдени мұраны сақтау мен өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі де атап өтілді.

ӘБДЕЗ ИМАНҚҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Мемлкет басшысы өзінің Жолдауында қандай да бір қоғамдық бастаманың  әдемі жүзеге асуы тұрғындар арасында ынтымақ болмайтын болса нәтиже бермейтінін айтты. Бұл осы уақытқа дейін де бііздің істеп жатқан, елдегі жүргізіліп келе жатқан саясаттың әдемі көрінісі деп айтар едім. 

Жиын соңында қатысушылар қоғамдық диалогты кеңейтіп, мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жүйелі жалғастыру қажеттігін айтты.