$444.76 €495.37 ₽5.37

Елде 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасы салынады

12.11.2026ж. 19:00
Елде 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасы салынады

Елде 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасы салынады. Тағы 37 нысан мен 110 гидротехникалық құрылыс қайта жанданып, 14,5 мың шақырым канал жөнделеді. Ауыз сумен қамту бойынша да ауқымды жұмыс қолға алынған.  321 елді мекенді қамтитын 22 мекеме жаңғыртылмақ.  Бұдан бөлек,  биыл 962 шақырым арнадағы жұмысты аяқтау көзделген. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Мұның барлығы «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. 

ЖАНДОС СӘЛІМОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Стратегиялық мақсат – 2030 жылға қарай каналдардағы су ысырабын 50%-дан 25%-ға дейін азайту.