$444.3 €490.91 ₽5.41

Мыңнан астам сиыр қалаға басып кірді: төтенше жағдай жариялануы мүмкін

AstanaTV
16.11.2026ж. 19:00
Мыңнан астам сиыр қалаға басып кірді: төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Ал Солтүстік Македонияның Крива-Паланка қаласына мыңнан астам сиыр басып кірді. Жергілікті жұрт ірі қараның қолайсыздық тудырғанын айтып, биліктен 30 күндік төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр. Қараусыз қалған мал түн ауа қалаға түсіп, саябақтағы шөп пен гүлді отап кететін көрінеді. Әрі жаяу жүргіншілер жолының тазалығына нұқсан келтіреді.  19 мыңға жуық халқы бар аймақ бұл мәселемен соңғы 3 жыл бойы арпалысып келеді.  Былтыр жергілікті фермерлердің бірі қараусыз жүрген малдың кесірінен 20 тоннадан астам қырыққабатынан айырылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен -15 мың еуро.