$448.72 €493.86 ₽5.49

Оманда демалып жүрген төрт қазақстандық жол апатына түсті

20.11.2026ж. 19:00
Оманда демалып жүрген төрт қазақстандық жол апатына түсті

Оманда демалып жүрген төрт қазақстандық ауыр жол апатына түсті. Зардап шеккендердің бәрі бір отбасы мүшелері - әжесі, атасы, анасы және оның кәмелетке толмаған қызы. Төртеуі де түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Операция жасалды. Қазір отандастарымыздың денсаулық жағдайы ескеріліп, қауіпсіз тасымалдау мәселесі қарастырылып жатыр. Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауға алды. 

ЖАНБОЛАТ ҮСЕНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстандық дипломаттар Оманда жол-көлік оқиғасына тап болған ҚР азаматтарына консулдық көмек көрсетіп, емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта азаматтарымызды Қазақстанға қайтару мәселесі пысықталуда.