$455 €498.77 ₽5.56

Атырауда қоғамдық көлік оқушыны қағып кетті

Атырауда қоғамдық көлік оқушыны қағып кетті

Атырауда қоғамдық көлік оқушыны қағып кетті. Абырой болғанда  жеткіншек аман. Оқиға күндіз аялдама маңындағы жаяу жүргінші өткелінде болған. Жол көлік оқиғасын  №64 бағыттағы  автобус  жасаған. Оқушыдан бөлек, қоғамдық көліктегі екі жолаушы медициналық көмекке жүгінген.  Үшеуі де  арыз жазудан бас тартқан. 

ДИНА МАҚСОТОВА,  ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ  АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Азаттық көшесінде Yutong маркалы қоғамдық автобус жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жаяу жүргінші мен екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Автобус жүргізушісі әкімшілікжауапкершілікке тартылды.