$458.85 €503.5 ₽5.59

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастағандарға сот үкімі шықты

AstanaTV
27.11.2026ж. 19:00
Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастағандарға сот үкімі шықты

Абай облысында жаңа туған сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кеткен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қоғамда резонанс тудырған  атышулы оқиға облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.  Бұған дейін Семейдегі қоқыс контейнерлерінің бірінен шақалақтың денесі табылған еді. Сараптама нәрестенің тірі туғанын, бірақ қатты тоңып шетінегенін көрсеткен. Тергеу дерегінше, сәби дүниеге келген соң ер адам оны қоқысқа апарып тастаған. Сот оны жас баланы өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Екінші сотталушы -нәрестенің анасы  кінәлі деп танылды, алайда оған қатысты рақымшылық жасау туралы акт қолданылған. Осыған байланысты ол сот залында жазадан босатылды.