$458.85 €503.5 ₽5.59

Қазақстанда қарақшылық жасап шетелге қашқан азамат Испаниядан экстрадицияланды

Қазақстанда қарақшылық жасап шетелге қашқан азамат Испаниядан экстрадицияланды

Сондай-ақ, 10 жыл бұрын Қазақстанда қарақшылық шабуыл жасаған шетел азаматы. Испания Корольдігінен экстрадицияланды. Бетперде мен қолғап киген күдікті екі сыбайласымен бірлесіп Астанада адам бопсалаған. Жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, пышақпен жарақаттаған. Кейін оның ақшалай қаражатын, зергерлік бұйымдары мен электрондық құрылғыларын иемденген. Қылмыстың ізін ала бір қатысушы ұсталып, 11 жылға сотталған. Ал қалғаны қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған. 

ЕРЛАН ЖАНПЕЙІСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кейіннен іздестіруде жүрген күдіктінің біреуі Мадрид қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.