Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

20 жылда Астанаға 8 трлн теңге инвестиция тартылған

AstanaTV
19.04.2018ж. 20:00
2747
20 жылда Астанаға 8 трлн теңге инвестиция тартылған

20 жыл ішінде Астанаға тартылған инвестициялар сомасы 8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында "Индустриалды-инновациялық даму" бағытында өткен отырыста Астана қаласы әкімнің орынбасары мәлімдеді. Малика Бектұрованың айтуынша, 200 млрд теңгеге жуығы тікелей шетелдік инвестиция. Ал, қаладағы өндірістің көлемі 36 есеге ұлғайған.

Дөңгелек үстелге мәжіліс және қала мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік ұйымдар, жекеменшік ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс соңында комиссия мүшелері қала әкімшілігінің жылдар бойы атқарған жұмыстарына оң баға берді.

Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойы. Осыған орай осы жылдар ішінде Елорданың индустриалды-инновациялық дамуын талқылап отырмыз. Айта кетсек, қаланың индустриалды дамуының жеделдеткішінің бірі - индустриалды парк. Бұл паркте 3700 жұмыс орыны ашылып, 14,6 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып жатыр. Сөз жоқ, елорда қарқынды дамып келе жатыр.