Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Биыл елде жұмыссыз жастардың саны азайған

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
2544
Биыл елде жұмыссыз жастардың саны азайған

Биыл елде жұмыссыз жастардың саны азайған. Бұл туралы "Модернизация жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер" атты баспасөз жиынында айтылды. Қазақстан жастарды жұмыспен қамту бойынша әлемнің 15 озық елдерінің қатарына енген. Сондай ақ, үкіметтің тапсырмасы бойынша, 2017-2020 жылдарға арналған,  азаматтардың  бос уақытын тиімді өткізуге бағатталған іс-шаралар әзірленді. Айта кетсек, қазіргі уақытта түрлі танымдық орталықтар, спорттық нысандар, аула клубтары ашылған. Сонымен бірге, Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасы" және "Рухани жаңғыру" бағдарламалары аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар кейінгі буынның келешегіне оң әсерін тигізетіні де айтылды.

Талғат Қалиев, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

Біздің жастарымыз бәсекеге қабілетті. Беделді халықаралық ұйымдарда, Біріккен Ұлттар Ұйымының инстуттарында қызмет атқаратын азаматтарымыз да баршылық. Мұнын өзі өте жақсы көрсеткіш. Олардың барлығы отандық оқу орындарында білім алған. Сондықтан мемлекет тарапынан жастарға жеткілікті деңгейде жағдай жасалып отыр.