Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылжарда тәртіп сақшылары жоғалған газет киоскілеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
2953
Қызылжарда тәртіп сақшылары жоғалған газет киоскілеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Қызылжарда тәртіп сақшылары жоғалған газет киоскілеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. "Астана" телеарнасының ресми хатына жауап берген облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері осылай деп хабарлады. Кәсіпкер Евгений Чернобайдың шағымын қабылдаған полицейлер қазір оқиғаны бүге-шүгесіне дейін зерттеуге кіріскен. Әзірге күдіктілер анықталған жоқ.

Сән Жұмағазина, СҚО ІІД тіл дамыту бөлімінің қызметкері:

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабы, бірінші бөлігі, яғни "өзінше билік ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс шаралары жүргізілу барысында.

Бұған дейін Петропавлда серіктестікке тиесілі 10 дүңгіршек жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Газет киоскілері бір жарым жылдай жұмыс істемей тұрған. Компания дүңгіршектер тұрған жерді мемлекеттен жалға алыпты. Сондықтан бизнес өкілдері киоскілердің жоғалғанын шенеуніктерден көрген болатын. Ал билік өкілдері бұл жағдайды ресми түрде растамай отыр. Олар екінші тарапқа келісімшартты бұзу жөнінде ұсыныс жасағандарын айтады. Алайда, атқамінерлер дүңгіршектерге "қол тигізген" жоқпыз деп отыр. Айта кету керек, киоскілердің иесі Евгений Чернобай прокуратураға да арызданған.