$523.2 €594.3 ₽6.38
×

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясы жалғасты

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
4370
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясы жалғасты

"Ерлік ешқашан ұмытылмайды". «Нұр Отан» партиясының осы акция аясында майдан даласында асқан ерлікпен қаза тауып, "батыр" атағына ұсынылған  атыраулық Жәміл Жұмашевтің ұрпақтарына құрмет көрсетті.

Партия белсенділері майдангердің отбасын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай барып, осындай сүйінші хабарды жеткізді.  Жұмашевтар отбасынан 11 азамат соғысқа аттанып, оның бесеуі ұрыс даласынан оралмаған. Солардың бірі Жәміл Жұмашев хабарсыз кетіп, кейін Берлин түбінде жерленгені белгілі болыпты. Жылдар бойы атасы туралы дерек іздеген ұрпақтары оның Берлинді алудағы қаһармандығы үшін Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылғаны туралы армия штабының бұйрығын тапқан. Алайда ержүрек жауынгер оны білместен, қиянкескі ұрыста қаза тапқан.

Жандарбек Кәкішев, батырдың немере інісі:

Қарт шешеміз біз бала күнімізде ғой, көкелеріміздің армиядан жазған хаттарын өлең қылып айтып, бесік тербететін, жылап. Содан ол кісі дүние салғанда, маған тапсырып кеткен. Енді екеуі де табылды. Жәміл көкеміз Берлинде жерленген екен.

Нұрлыбек Ожаев, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Берлиннің түбінде басып алу кезінде жасаған теңдессіз ерлігі үшін "Кеңес Одағы Батыры" атағына ұсынылғандығы туралы материал қазір қолымызда. Бұл құжаттар өзінің жалғасын тауып, жоғары инстанцияларда мемлекетаралық келісімдерде осы әңгімені қозғауға түрткі боламыз.