Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Қазақ елі» туындысының жалғасы оңтүстікте түсіріліп жатыр

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
3790
«Қазақ елі» туындысының жалғасы оңтүстікте түсіріліп жатыр

«Қазақ елі» туындысының «Алтын тақ» деп аталатын екінші маусымы оңтүстікте түсіріле бастады. Тарихи фильмнің екінші бөлімін Алматы өңірінде бастаған «Қазақфильм» киностудиясының шығармашылық тобы табиғаты әсем Түлкібас өңірінде жалғастырып жатыр.

«Алтын тақ» он сериялы болмақ. Дәл қазір мұнда Керей мен Жәнібектің және Әбілқайыр әскерлерінің шайқасы, Қазтуғанның көші, Қасым ханның аманаттан оралуы сынды эпизодтары таспаланып жатыр. Түлкібас ауданының Иірсу ауылы маңындағы Тақиятөбе жерінде өтіп жатқан түсірілімге ұзын саны 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Туындының бас режиссері Рүстем Әбдірашев оңтүстік өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи рөлі фильм үшін маңызды екендігін атап өтті. Тарихты бейленейтін сериалға жергілікті актерлармен бірге қарапайым азаматтар да тартылыпты. Режиссер алдағы уақытта Жәнібектің таққа отыруы сынды көріністерді түсіретіндерін айтты.

Рүстем Әбдірашев, «Алтын тақ» тарихи сериалының режиссері:

Жәнібектің таққа отыратын эпизоды бұл жерде емес Түркістанның басында түсіреміз бе деп отырмыз, киелі Қожа Ахмет кесенесінің маңында. Екі әскердің арасында қан төгілмесе екен деген бір эпизод бар, оны Айша бибінің басында түсіреміз.