Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жомарт Ертаевтің ісі Мәскеуде қаралып жатыр

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
3105
Жомарт Ертаевтің ісі Мәскеуде қаралып жатыр

Қазіргі уақытта Мәскеудің Пресненск аудандық сотында Жомарт Ертаевтың тағдыры шешіліп жатыр. Онда банкирді маусым айының ортасына дейін қамауға алып, кейін Қазақстанға экстрадициялау бойынша прокуратура өтініші қаралу үсітінде. Соттың баспасөз хатшысы Алексей Черников "Астана" телеарнасына телефон арқылы берген сұхбатында РБК банкінің бұрынғы топ-менеджерінің қамау мерзімі 3 тәулікке ұзартылғанын айтты. Ал сот залына ол қолына кісен салынған күйінде жеткізілген.

Алексей Черников, Пресненск сотының баспасөз хатшысы /Мәскеу/:

Мәскеу қаласының Пресненск аудандық сотымен Ертаевты ұстау мерзімі 72 сағатқа ұзартылды. Сот отырысы бүгін Мәскеу уақытымен сағат төрттер шамасына белгіленді. Прокуратура өтініші әлі қаралған жоқ. Ол бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды. Сот залына оны тиісті талаптарға сай алып келді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда Жомарт Ертаевқа аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Үстіміздегі жылдың наурыз айында оған халықаралық іздеу жарияланды. Арнайы жасақ кәсіпкерді Қазақстан құқық қорғау органдарының тапсырысымен 8-ші мамырда Мәскеуде қолға түсірді.