«Нұр
Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысында
болды. Нұротандықтар өңірдегі шаруалар мен этномәдени бірлестік өкілдерімен
кездесті. Партия алдағы сайлауда аталмыш екі топқа ерекше сенім артады. Себебі
нұротандықтардың сайлауалды тұғырнамасы толерантты саясат арқылы ел бірлігін
сақтап, экономиканы дамыту.
Еліміз бүгінде осы саяси бағыттың жемісін көріп
отыр. Мемлекет қолдауымен құрылған «Зенченко» сүт зауыты - стана халқына күн
сайын 20 тонна сүт өнімін беріп, ішкі сұраныс пен экспортқа орасан үлес қосып
отырған кәсіпорын.
Иван
Зенченко, «Зенченко и К» серіктестігі
бас директорының орынбасары:
Кәсіпорынды
жетістікке бастау жолында мемлекеттің шаруаларға берген мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, тынымсыз тер
төктік. Сондықтан президентіміздің партиясы «Нұр Отанға» дауыс береміз.
Рашид
Надиров, СҚО бойынша «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» ҚБ төрағасы:
Бізде
ешкім ұлтына, керек десеңіз, түр-түсіне қарап бөлінбейді. Біз бір тудың астына
тоғысқан қазақстандықтармыз. Біздің мақсатымыз бір, біздің мүддеміз бір.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ