«Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабы қоғамдық қабылдау өткізді. 3 күннен бері Жетісу өңірінде
үгіт-насихат жұмысымен жүрген белсенділер осылайша халыққа жақындай түсті.
Ақжолдықтар ашық есік жағдайында
сайлаушылардың мәселесіне қанығып, арыз-шағымдарын қабылдады.
Қоғамдық
қабылдауға келгендер арасында зейнеткерлерден бастап, бизнес өкілдеріне дейін
бар. Өтініштер де сан түрлі. Мәселенің барлығы «Ақ жол» партиясының сайлауалды
тұғырнамасында қамтылған. Сондықтан ақжолдықтар жұрт талап-тілегінің барлығын
орындауға әуде беріп отыр.
Мейраш
Шынасылова, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы төрайымы:
Енді алдағы кезде осы адамдармен жұмыс жасап, біздің
мемлекетіміздің тарапынан жасалып жатқан көп бағдарламалар туралы айтып, сұрақтарының шешімдерінің табылуына біз көмек көрсетеміз.
Ерлан
Ақжолов, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының
орынбасары:
Бұл
бүгін тез арада шешілетін мәселе емес. Біраз уақыт керек. Тиісті құзырлы органдарға тапсырып, оны қадағалап, шешілген жағдайда, тағы кездесіп, түсіндіреміз.
Құралай
ПИОНЕР