$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда жалған ақша жасаушылар сотталды

AstanaTV
23.05.2018ж. 20:00
2903
Оралда жалған ақша жасаушылар сотталды

Оралда жалған ақша жасаған үш адам сотталды. Алаяқтардан келген шығын миллиондап саналады. Бас аяғы үш айдың ішінде жиырма шақты адамды тақырға отырғызған. 20 мың теңгелік купюраларды түрлі түсті принтерде басып шығарыпты. Қолдан жасалған ақшалар тәркіленген. Пысықайлар жалған ақшаға дүкендер мен базарларда сауда жасаған. Өз кінәсін толығымен мойындаған сотталушылардың бұдан алдын Атырауда да осындай кәсіппен айналысқаны анықталды. Сот олардың үшеуін де 5 жылға соттап, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етті. Ал кішкентай екі баласы бар әйелге жеңілдік жасады. Яғни жазасын балалары өскен соң өтейді.