Болашақта есепшілерді, дәрігерлер мен заңгерлерді роботтар алмастыруы мүмкін. Астана экономикалық форумы барысында футуролог Митио Каку осындай болжамымен бөлісті. Ғалымның сөзіне сүйенсек, жасанды интеллект алдағы 100 жылда шындыққа айналуы әбден ықтимал. Сондықтан IT технологияның қарқынды дамуына қазірден бастап етімізді үйретуге тиіспіз. Мұнан өзге, адамдар жұмыссыз қалмауы үшін, бүгіннен бастап дұрыс мамандық таңдай білу керек деген пікірлер де айтылды.
Митио Каку, футуролог:
Айтарлықтай уақыт өткеннен кейін жұмыс барысы ақылды жүйеге енеді. Бұл эволюция сияқты, басында тышқан немесе егеуқұйрық тектес, ал кейіннен, ит не маймыл сияқты дами түседі. Жүз жылдықтан соң, бұл тіпті кей адамға қауіпті болуы да мүмкін, себебі жасанды интеллектінің өз ойлау жүйесі қалыптасады.
Ал кейбір сарапшылар пікірі бойынша, ақпараттық технологиялар, керісінше, адамға арналған жұмыс орындарын ұсынуы мүмкін. Құлаққа түрпідей тигенімен, ақиқаты сол. Мысалы, қазірдің өзінде Uber компаниясы жүргізушілерге жұмыс ұсынатыны мәлім. Сондықтан компьютер-адам арасындағы бәсекелестікте шығармашылық адамы жеңілмейді, - дейді спикерлер.
Девин фидлер, «RETHINKERY LABS» негізін қалаушы:
Сараптама
жүргізіп отыру керек. Біз барлығын бақылап отыруға тиіспіз. Өзгенікін көшіріп
ала салып, мәз-мейрам болудан қашқан дұрыс. Шығармашылықты робот ешқашан
алмастыра алмайды. Сондықтан біз осы тұрғыда дами түсуді ойластырған жөн.