Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорда облысында мектеп асханасы қызметкерінен стафилококк белгілері табылған

AstanaTV
22.05.2018ж. 20:00
2833
Қызылорда облысында мектеп асханасы қызметкерінен стафилококк белгілері табылған

Қызылорда облысында тамақтан ұшынған балалардан сальмонеллез диагнозы расталған жоқ. Ал Келін төбе ауылындағы мектеп асханасы қызметкерінен стафилококк белгілері анықталды. Бұл туралы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері айтты. Бактериологиялық сараптама осындай нәтиже көрсеткен. Ауруханада ем қабылдаған 4 бала бүгін үйлеріне шығарылды. Қалған 21 оқушы амбулаторлық бақылауға алыныпты. Еске сала кетейік, оқушылар мектеп асханасынан тамақтанған соң, өздерін жайсыз сезінген. Қазір асхана жұмысын уақытша тоқтатты.

Айна Мұхамбетова, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

Алдын-ала қойылған тамақтан улану, сальмонеллез диагнозы алынып тасталып жатыр. Себебі ол қойылған диагноз эпиданамнез жинаған кезде, гречка мен қайнатылған жұмыртқа болғандықтан, қойылып тұр. Лабораторлық зерттеулер бойынша стафилококк шығуына байланысты сальмонеллез алып тасталынды. Стафилококк болжам бойынша асхананың қызметкерінен.