$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе сотында жүйке аурулары интернатындағы науқас өліміне қатысты іс қаралып жатыр

AstanaTV
24.05.2018ж. 20:00
2257
Ақтөбе сотында жүйке аурулары интернатындағы науқас өліміне қатысты іс қаралып жатыр

Ақтөбеде ерекше сот процесі өтіп жатыр. Адам өлтірді деп айыпталған тұрғынның қылмысы дәлелденсе де, ол түрмеге қамалмайды. Өйткені ақыл-есі кем. Прокурорлардың дегерінше, науқас Солдатова ҚК-тің 16-шы бабына сәйкес өзі жасаған қылмыстық іске жауап беруден босатылады. Қоғамға қауіп төндіретіндіктен,  психикалық стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жатқызу сұралды.

Қанды оқиға биыл қаңтарда болған. Жүйке аурулары интернат үйінің 28 жастағы емделушісі, көршісін өлтірді деген күдікке ілінген. Іс материалдарына сәйкес, ол түнімен қатты дауыс шығарып, ұйқы бермей қойған науқастың аузына мата тыққан. Бұл аздай, кереуеттен құламау үшін байлап қойған шүберекпен буындырады. Марқұмның туыстары оқиғаны жасырып қалғысы келген мекеме басшылығын жауапқа тартуды сұрап отыр. Айтуларынша, оқиға болған күні қызметкерлер науқастың денесі құрысып, сол себепті ажал құшты деп сендіруге тырысқан. Көршісін өлтірген науқас диспансерге бала күнінде келіпті. Ал марқұмды туыстары бес жыл бұрын әкеп тапсырған.