$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық банк Эксим банк Қазақстан мен Астана банкінің лицензияларын тоқтатты

AstanaTV
29.05.2018ж. 20:00
1986
Ұлттық банк Эксим банк Қазақстан мен Астана банкінің лицензияларын тоқтатты

Эксим банк Қазақстан мен Астана банкінің лицензиялары 29-шы тамызға дейін тоқтатылды. Ұлттық банк осындай шешімге келді. Қос банктің де жеке тұлғалардың депозитін қабылдап, банк шоттарын ашуға құқығы жоқ. Ұттық банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, Астана банкі төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді дұрыс орындамаған. Ал Эксим банк Қазақстан нормативті- құқықтық актілерді жүйелі бұзғаны үшін жазаланып отыр. Лицензия жаңа депозиттер тарту мен жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатылады. Ал банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ. Астана банкінде 1 мамырдағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 53 млрд. теңге. Ал Эксим банкіндегі салымдар 267 млн теңгені құрайды.