Өнерсүйер
қауымға жағымды жаңалық! Астанаға алғаш рет танымал Третьяков галереясы
жауһарларын әкелді. Оны тұрғындар мен қала қонақтары бүгіннен бастап тамашалай
алады. Қаз-қатар тізілген суреттердің әрқайсысы бірегей туынды.
Соның бірі -
«Таңертең» деп аталатын мына картина. Автор Татьяна Яблонская 13 жасар Лена
атты үлкен қызын салған. Көрмеге суреттегі кейіпкер де келген. Қазір Елена
Бейсембинова - қазақ суретшісінің жұбайы. Айтуынша, болашақ күйеуі осы суретті
көріп оған ғашық болған. Кейін ер жеткенде Мәскеуге оқуға барып, Ленамен
танысқан. Бүгінгі экспозициядан Абрам Архиповтың «Шаруа әйел», Илья Машковтың
«Мәскеу азық-түлігі: нан» секілді бас-аяғы 50 картинаны көруге болады. Ұлттық
музейде өтіп жатқан ерекше көрме қыркүйектің 10-на дейін жалғасады.
Асылболат Исмағұлов, актер:
Халықтардың
көбі бара алмайды ғой оған. Міне Астанамызға Третьяковканың өзі келіп жатыр.
Бір күннің өзінде аралап шығу қиын ғой. Міне шағын 50 картина келген екен.
Мықты-мықты жақсы дүниелерін алып келген екен.