$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 17 адам суға кетті

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1562
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 17 адам суға кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында, жаз шықпай жатып, суға кету оқиғасы жиілеп кетті.  Соңғы үш тәулікте аймақта үш бірдей жасөспірімнің ажалы судан болған. Шардара ауданында 12 жастағы оқушы Сырдария өзеніне батып кеткен. Судан құтқарушылар оның денесін суға түскен жерден үш метр қашықтықтан, араға жарты сағат салып, тапты. Жеткіншек ата-анасының рұқсатын алмай, шомылуға кеткен дейді құтқарушылар.

Оқыс жағдай Түркістан мен Созақ ауданында да тіркеліпті. Мұнда 5 жасар балақай үй маңындағы Оранғай каналына ағып кетіпті. Ал Созақта бүлдіршін қыз бала аулада қазылған құдыққа құлап қаза тапқан. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, өткен жылдың осы уақытында 11 қайғылы жағдай тіркелген. Ал биыл одан көп.

Орынбасар Төртбаев, ОҚО ТЖД жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы:

Осы жылдың өзінде  17 адам суға кетті де, оның 12-сі - жас бала. Себептері қараусыз қалудан. Есігінің алдында, арықта, бассейнде өтіп бара жатып құлап қалып, абайсыздан, көбіне жас нәрестелер, жасөспірімдер.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ