$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алдағы екі күнде елдің батыс аймақтарында аптап ыстық болуы мүмкін

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
2616
Алдағы екі күнде елдің батыс аймақтарында аптап ыстық болуы мүмкін

Алдағы екі күнде Батыс Қазақстан аумағында аптап ыстық болады. Сынап бағанасы +35тен +42 градусқа жетпек. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. Бұған дейін Атырау мен Батыс Қазақстан облысында күннің шамадан тыс ысуына орай дабылды ескерту жарияланған болатын.

Ал басқа аймақтарда алдағы екі күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің өті де күшейеді. Әсіресе солтүстік аймақтарда жел ұйытқып, бұршақ жаууы ықтимал. Синоптиктер циклон күші орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарға да ығысып, мұнда да ауа райы құбылуы мүмкін деп болжайды.