Ресей
құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Мәскеуде өткен
кездесуде негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталған. Қосымша 30 минутта гол
соғылған жоқ. Пенальти кезеңінде сәттілік Ресей ойыншылары жағында болды. Енді
Ресей Хорватиямен ойнайды. Соңғысы Дания құрамасын жеңген болатын. Ойын басталған соң 5-ші
минутта қос құрама қақпаларына бір бір голдан соғып, әрі қарай кездесу кезеңін
пенальти шешті. Бұл ойында сәттілік Хорватия құрамасы жағында болған. Ал, қазір
Самара Аренада Бразилия-Мексика арасында кездесу басталды. Бүгін түнде Бельгия
мен Жапония кім мықтыны сарапқа салады.