Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ресейдің бірқатар қаласында зейнетақы реформасына қарсы наразылық өтті

AstanaTV
30.07.2018ж. 20:00
1901
Ресейдің бірқатар қаласында зейнетақы реформасына қарсы наразылық өтті

Ал Ресейде зейнетақы реформасына қарсы болған халық наразылық білдірді. Рейтерстің хабарлауынша, жұрт зейнет жасын біртіндеп ұлғайтуға қатысты заң бекітілген соң алаңға шыққан. Оған сай ер адамдар 2028 жылдан бастап 65 жаста, ал әйелдер 2034 жылдан бастап 63 жасында зейнетке шығарылмақ. Бұған наразы болған жұрт петиция жинап жатыр. Оған 3 миллион ресейлік қол қойған. Акция 20 облыста болған. Мәскеудегі шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Митингті ұйымдастырушылардың айтуынша, олар зейнетақы реформасына ғана емес, қосымша құн салығы мен жанар-жағармайдың және коммуналдық тарифтердің қымбаттауына да қарсы.