7 баласы бар жесір әйел көптің көмегімен баспана болды. Бүгін оған себепкер болған «Харакет» қайырымдылық қорының өкілдері үй иесіне пәтер кілтін табыстады. 10 жылдан астам елордада пәтер жалдап күн көрген әйел енді Шортанды елді мекеніне қоныс аудармақ.
Зибагүл Қуандықова, көп балалы ана:
Өзіміздің баспанамыз болады деп қуанып жатырмыз. Әркімге түрткі болмай, балаларға әр үйге барсаң, хозяйкалары түрткілейді ғой. Бері отыр, әрі отыр, ойнама деп.
42 жастағы көп балалы ана Зибагүл Қуандықова отбасымен 2007 жылы Қызылордадан көшіп келген. Үй кезегіне тоғыз мыңыншы болып тіркелген. Ал жолдасы жарты жыл бұрын жүрек ауруынан көз жұмған. 7 баламен жесір қалған келіншек ай сайын 60 мың теңге зейнетақы мен жәрдемақымен күнелтіп отыр. Балаларының үлкені 16-да, ал кенжесі 1 жаста. Қор беретін үй кезегіне 3 ай бұрын тұрғанын айтады. Ал үй «1000 теңгеге баспана» атты акциядан жұрт жинаған қаражатқа салынған. Ұйымдастырушылар халықтың қолдауымен осымен 23-ші мұқтаж отбасыға баспана кілтін тапсырып отырғандарын айтты.
Төребай Абдікарімов, Республикалық «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі:
Бізге көптеген
хаттар келеді көптеген кісілерден. Сұраныстар келеді. Сонымен біз анықтаймыз
еріктілер мүшесімен. Сұрақтар қоямыз. Тұрмыстық жағдайын көреміз. Барлық
мәліметтер тексеріледі. Бірінші этап дегеніміз - 6 баладан көп болу керек.
Содан соң жалғызбасты ана болуы шарт.
Ағамыз өмірден өткен. Одан соң 2-ші этапқа көшеміз - 5 баладан бастап.