Негізгі / Жаңалықтар / Астанада хоккейден 9-шы Халықаралық турнир өтеді

Астанада хоккейден 9-шы Халықаралық турнир өтеді

Осы аптада хоккейден 9-шы Халықаралық турнир басталады. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтетін ҚР Президенті кубогының бұл маусымында 4 команда өнер көрсетеді. 9-шы тамыз, яғни турнирдің алғашқы күні, «Барыс-Арена» мұз алаңында сағат 14:00-де «Қазақстан құрамасы» мен «Нефтехимик» турнир кестесін ашады. Сол күні кешке 19:30-да жанкүйерлер «Барыс» пен «Амур» командаларының кездесуіне куә болады. Ал жұма күні «Қазақстан құрамасы» «Амур» ойыншыларын қабылдаса, 19:30-да «Барыс» пен «Нефтехимик» бақ сынайды. 12-ші тамыз, жексенбіге жоспарланған ойындар 12:00-де «Нефтехимикпен» пен «Амур» құрамаларымен өтеді. Турнирлік кестені 17:00-де «Барыс» пен «Қазақстан құрамасы» аяқтайды.