Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Жас Отан» жастар қанаты Абай Құнанбайұлының 173 жылдығына орай кешенді іс-шаралар ұйымдастырды

AstanaTV
14.08.2018ж. 20:00
5151
«Жас Отан» жастар қанаты Абай Құнанбайұлының 173 жылдығына орай кешенді іс-шаралар ұйымдастырды

«Жас Отан» жастар қанаты Абай Құнанбайұлының 173 жылдығына орай кешенді іс-шаралар ұйымдастырды. Қызылордалық жастар тамыздың бірі мен оны аралығында «Абайды таныту» хэштегімен ауқымды интернет акция өткізді. Бұл шараға ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар да атсалысты. Тағы бір танымдық шара-квест ойыны. «Абай салған дара жол» атты ойынға жалпы 65 жасотандық  қатысқан. Алты бекетке бөлінген жолда олар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады. Қатысушылардың барлығы да қазақтың бас ақыны жайлы жан-жақты білетіндерін көрсетті. Ойын соңында жастар ақынның өлеңінен, қара сөздерінен үзінділер оқыды.

Талғат Тілес, «Жас Отан» жастар қанаты ҚОФ төрағасы:

Бұл квест ойынында Абай Құнанбайұлының өмірімен, еңбектерімен жастар емін-жарқын танысты. Осы кешенді іс-шаралар бойынша қорытынды «Қараңғы түнде тау қалғып» танымдық кеш біздің Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада жастардың және Абай танушы ғылыми қызметкерлердің қатысуымен өтті. Абай Құнанбайұлының еңбектері, қара сөздері осы жастарға кең ауқымды насихатталды.