Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкентте тергеу изоляторында отырғандар іштегі былықты жайып салды

AstanaTV
16.08.2018ж. 20:00
7480
Шымкентте тергеу изоляторында отырғандар іштегі былықты жайып салды

Шымкентте ИЧ 167\11 тергеу изоляторында отырғандар мекемедегі заңсыздықтарды жайып салды. Олар іштегі былықты қалта телефонына жазып таратқан.

Мына телефонды 100 мың теңге бергізіп, бір адам арқылы, 100 мыңды Ермек деген алып қалды...

Айғақ ретінде бірнеше телефон мен сим-карталарды көрсеткен. Бұған дейін де ақшасын төлеп, мұндай тиым салынған заттарды алғандарын айтады. Мұнан бөлек олар абақтыдағы тамақтың сапасына сын айтып, жиһаздардың түгел еместігін көрсетеді.

-Біз бұл ақшаны бастық екеуміз бәрін қалтаға тығады дейсіңдер ма?! Біздің де беретін жерлеріміз бар. -Шымкент қаласы Сәуле мкр ИЧ 167 \11 түрмесінде міне жағдай осындай. Біз шындықты айтып жатырмыз. Сотталғандар телефонды, картаны, героинды, анашаны қайдан алады дейсіздер? Міне өздері ақшаға алып келіп береді.

Алайда өңірдегі қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер мұның бәрі жала, қасақана қолдан ұйымдастырылған әрекет, деді. Айтуларынша, бұл сәуір айында жазылған жазбалар. Сол кезде-ақ тиісті тексеру жүргізіліпті. Тергеу изоляторы басшылығының айтуынша, бір камерада отырған үш адам да жазасын өтеуші. Абақтыға өзге бір іс бойынша куә ретінде әкелінген екен. Ал қалта телефоны сәлем-сауқатпен жасырын өтіп кеткен деген басшылық оған қатысты бірнеше қызметкерге тәртіптік шара қолданылғанын жеткізді.

Ермек Жалғасбаев, ИЧ 167\11 тергеу изоляторы бастығының орынбасары:

Сотталғандардың заңсыз тиым салынған заттарды қолданғаны үшін оларға тәртіптік шаралар қолданылып, қосымша ҚР 428 бап «ішкі тәртіп ережесін өрескел бұзған» деп танып, оларға қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде қазір. Мекеменің абыройына нұқсан келтіру мақсатында істеліп отырған іс-әрекет деп ойлаймын. Ішкі тәртіп ережесін әлсірету мақсатында осындай іс әрекеттер болып жатыр деп санаймын.